PHP (Hypertext Preprocessor – гипермәтінді препроцессор) тілі серверде орындалатын сценарий жазуға арналған тіл. Браузер URL-адресте (Uniform Resource Locator – ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) көрсетілген РНР тілінде жазылған Web-құжатты орындау үшін Web-серверге сұраныс жасайды. Web-сервер РНР-процессорын жүктеп, РНР-кодты орындайды ды, нәтижені Web-серверге қайтарады. Ал Web-сервер өз кезегінде нәтижені браузерге терезеде бейнелеу үшін жібереді.
Әдетте РНР тілі Web-сервер мен пайдаланушы арасында деректер алмасуда, яғни Web-құжатта форум, қонақ кітабы, тіркелу анкетасы, хабарландыру тақтасы, чат құруда қолданылады.
РНР тілін 1994 жылы Расмус Лердорф (Rasmus Lerdorf) жасап шығарды. Оның негізгі мақсаты жеке сайттарда интерактивтік әдістер қолдану болатын. Расмус тілдің негізгі синтаксисі мен интерпретаторын жазып, оны PHP – Personal Home Page атады.
1995 жылы Расмус интерпретаторға қалыпты өңдеу FI (Form Interpretator) бөлімін қосып, интерпретаторды PHP/FI 2.0 деп атайды. Ал, 1998 жылы Зива Суракси мен Энди Гутманс (Zeev Suraski and Andi Cutmans) интерпретатор коды ашық болғандықтан (open source), оны қайта өңдеп, РНР 3.0 (Hypertext Preprocessor) версиясын шығарды. Осы кезден бастап РНР технологиясын дамытумен айналысатын РНР Group пайда болады. Сонымен, РНР тілі қолдануға оңай, түсінуге жеңіл, мүмкіндіктері көп болғандықтан жылдам тарап кетті. Қазіргі кезде тілдің 2000 жылы шыққан РНР 4.0 және 2004 жылы пайда болған РНР 5.0 версиялары белгілі. Төменде тілдің объектке бағытталған PHP 5.0 версиясын қарастырамыз.
РНР тілі туралы жалпы мәліметтерді оны құрастырушыларының ресми сайтынан алуға болады. РНР тілі серверде орындалатын болғандықтан, Web-құжатты серверге орналастыру қажеттігі туындайды. Тегін хостинг қызметтерін сайттары ұсынады. Ал, ақылы хостинг ұсынатын барлық сайттар міндетті түрде РНР-ді қолданады.
Әдетте РНР тілінде жазылған құжатты РНР-скрипт деп атайды. Скрипттер .php кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы. Бірақта скрипттерді арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. Мысалы: 1st Page 2000, PHPEdit, Web Development Studio.
PHP-скрипттер екі жолмен орындалуы мүмкін: Web–сервермен скрипт түрінде және де консольдық программа сияқты. Біздің мақсатымыз Web–беттерді дайындау болғандықтан, біз бірінші жолын қарастырамыз.
Браузер бетті .рнр кеңеймесімен сұрағаннан кейін, Web-сервер программаны PHP-препроцессор арқылы өңдейді. PHP-скрипттер HTML-құжатқа енгізілетін PHP-кодтарымен береді. HTML-құжатқа PHP файл нұсқауын енгізу үшін оларды арнайы тэгтермен байланыстыру қажет. Оларды төрт түрмен ажыратады.
// 1 – түрі – тэг XML стилімен
<? php
. . .
?>
// 2 – түрі – тэг SGML стилімен
<?
. . .
?>
// 3 – түрі – тэг ASP стилімен
<%
. . .
%>
// 4 – түрі – тэг HTML стилімен
<scrip language = " php ">
. . .
</ script>
Біз SGML стилін ұстанамыз. Стильдің тағы бір варианты бар, онда мына төмендегі қарастырылған тэг пайдаланылады.
<? =
. . . ?>
Мұндай түрде жазылған тэгтерде бірінші олардағы мағыналары орындалады, ал тэгтің өзі болса орындалған мағыналардың нәтижесімен ауысады:
бес қосу бес тең болады <? = 5 + 5>
Нәтижесінде браузер терезесінде біз мынаны көруіміз керек:
Бес қосу бес тең болады 10- ға.
Бұдан былай түсінікті болу үшін тэгтердің қысқартылған жазуын қолданамыз, ал шығаруда echo функциясын пайдаланамыз, бұл функцияның жұмысы әр түрлі ақпаратты (текст, операциялар нәтижесі, HTML тэгтері, т.с.с) браузерге шығару үшін қолданады.
Мысалға: бес қосу бес тең болады <? echo (5 + 5); ?>
Қарапайым және құрама операторлар. Еcho (5 + 5) конструкциясы қарапайым (болмаса бір қатарлы) оператор деп аталды. PHP-де әр оператор «нүктелі үтірмен» аяқталады. Осы себепті әр жазудан кейінгі келетін «нүктелі үтір» символы бөлек оператор ретінде қабылданады.
Қарапайым оператор ауыспалы бірнеше қатарды өз ішіне алады. Мысалыға, мына екі кодты жазу мүлдем эквивалент.
<?
echo (5 + 5);
echo (5 - 2);
echo (“Hello, world!”);
?>
<?
echo (5 +
5); echo (5 –
2); echo (“Hello, world!”);
?>
Қарапайым оператордан басқа тағы құрама оператор да бар, олармен операторлар тізбегін анықтауға да болады. Кейде құрама операторларды көп қатарлы деп те атайды. Құрама оператордың қарапайым оператордан айырмашылығы, ол нүктелі үтірмен аяқталмайды, оның аяқталғанын фигуралық жақша білдіреді.
Түсініктемелер. PHP тілі бізге түсініктеме қоюдың бірнеше түрін береді. Екі қисық сызықтан ( // ) кейін түсініктеме жазу ең қарапайымы болып есептеледі. Осы екі сызықтан кейін PHP машинасы қатар соңына дейін орналасқандардың бәрін өңдемейді. Түсініктемені дәл осылай нөмір (#) символының көмегімен де істеуге болады (UNIX тілінің скрипт түсініктемелері). Сонымен қатар, С++ тілі стиліндегі (/*..*/) түсініктемелерді де қолдануға болады. Түсініктеме берудің түрлі жолдары төмендегі мысалда келтірілген.
<?
echo (“Hello”); // бұл түсініктеме
echo (“Hello”); # бұл да түсініктеме
/* ал бұл көп мерзімді түсініктеме */
?>
Әрине, PHP түсініктемелері бір ғана PHP-кодының қысқартылған тэгтерінде жұмыс істейді. Егер түсініктеме символдары қысқа тэг құрамында орналаспаса, онда олар әр түрлі мәтін сияқты браузерде көрсетілуі мүмкін.
Мысалы,
<?
echo (“Hello”); //
?>
Түсініктемелерді бір ғана оператордан кейін емес, мына түрде де қоюға болады.
<?
$a = "Hello, world";
echo strstr (// бұл функцияны кейінірек қарастырамыз
$a, "H");
?>
Айнымалылар. PHP – де айнымалылар ақша бірлігі ($) белгісінен басталады. Белгіден кейін шексіз әріптік–сандық және белгілеу символдары жазылуы мүмкін. Бірақта ($) кейінгі символ сан, не болмаса белгі болмауы керек. Сол сияқты айнымалыларды мына түрде беруге болады. $n, $n1, $user_Func_5 және т.с.с. Кілттік сөздерге қарағанда айнымалылардың аты PHP-де регистрге сезімтал болады. Мысалға: $user_func, $User_func және $USER_FUNC бұлардың жазылуы бір болғанымен регистрінде айырмашылық бар.
PHP–де айнымалыны пайдаланудан алдын оның типін көрсету шарт емес. Сонымен бірге, айнымалы программа жұмысы барысында түрлі типтер қабылдау мүмкін.
Сыртқы айнымалылар деп басқа скрипттерден кіретін барлық айнымалылырды айтады (браузер және сервермен беріледі). Клиенттің сұрауы WEB–сервер мен PHP-препрцессорына берілгеннен соң, соңғысы сұранысқа байланысты және әрдайым орындауға ыңғайлы анықтамалар қатарын анықтайды. Егер PHP айнымалының айналасын және register_glibals құрастырушысы қосылған болса, PHP айналасындағы сондай аты және мәндері бар айнымалыны құрады. Бұл айнымалылар $HTTP_ENV_VARS массивіне және $_ENV суперглобальді массивіне орналасады.
$HTTP_ENV_VARS және $_ENV ескеруші массивтері жүйеге байланысты болып есептелінеді (оның себебі айнымалы өзгеруші болып табылады). Өз машинаңыз үшін өзгеруші мәндер айналасын env (UNIX) немесе set (Windows) командалары көмегімен көруіңізге болады. $ENV, $_GET, $_POST, $_SERVER $_COOKIE суперглобаль массивтері PHP– дің 4.1 версияларынан пайда болады және көріністің қалған облысында қолданылады. Осы версиядан бастап register_globals баптау директивасы үнсіз келісім бойынша оff–те қойылған және осы массивтер арқылы оған кіруге болады.
Одан кейін, сұраныс қатарынын талдау кезінде PHP препроцессоры GET айнымалылар тобын құрайды. Сұраныс қатары $QUERY_STRING айнымалысын да сақтайды. Ондағы ақпарат URL–сұраныстарында ? белгісінен кейін жазылады. PHP сұраныс қатарын & символымен бөлек элементтерге бөледі, одан кейін бөлінген әрбір элементтер ішінен = белгісін іздейді. Егер = белгісі табылса, онда белгінің сол жағында орналасқан символдардан атауымен айнымалы құрылады. Одан басқа айнымалыға = белгісінен оң жақта тұрған символдар меншіктеледі. Осы айнымалылар $HTTP_ENV_VARS және $_GET массивтеріне де орналастырылады.
Төменде берілген HTML-кодтың қарапайым формасын құрайық. Егер бұл формадағы HDD қатарында “Maxtor” терсек, ал CD ROM қатарында “Nec” – ті терсек, онда келесі сұраныс формасы келіп шығады:
<form action = "http:// localhost/PHP/test.php" method="get">
HDD: <input type="text" name = "HDD" /><br>
CDROM: < input type="text" name = "CDROM" /><br>
<input type="submit" />
</form>
Егер бұл формада HDD қатарында "Maxtor" деп жазсақ, ал сонан соң "Nec" –ті жазсақ, онда ол келесі сұраныс формасын өңдейді:
http:// localfost/PHP/test.php? HDD=Maxtor&CDROM=Nec
Біздің жағдайымызда PHP келесі айнымалыларды құрастырады: $HDD="Maxtor" және $CDROM="Nec". Бұл берілгендермен қарапайым берілгендер сияқты жұмыс істеуге болады. Мысалы, оларды браузерге шығару:
<?
echo ("HDD is $HDD");
echo ("<br>");
echo ("CDROM is $CDROM");
?>
Егер HTML-құжатта сұраныс Post әдісімен орындалса, онда Post айнымалылыр тобы пайда болады. Олар жоғарыда көрсетілген сияқты өңделеді және $HTTP_ENV_VARS массивіне орналастырылады.
Тұрақтылар. Тұрақтылар PHP тілінде define ( ): функция көмегімен жазылады.
define (CONSTANT, value)
Бұл функцияның бірінші параметрі – тұрақтының аты, ал екіншісі - оның мәні. Пайдалану алдында тұрақтының атына жібереді:
<?
define (CONSTANT1, 15);
define (CONSTANT2, "\x20"); // бос орынның коды
define (CONSTANT3, "Hello);
echo (CONSTANT1);
echo (CONSTANT2);
echo (CONSTANT3);
?>
Дәстүрге сай тұрақты аттарын үлкен регистр әріптерімен жазады. Бұл тек қана стиль болса да, оны қолданған жөн.
Тағы бір defined ( ) функциямыз бар, ол тұрақты анықталған ба, жоқ па соны тексереді:
defined (CONSTAND)
Бұл функцияның бір ғана параметрі бар – анықталатын тұрақты аты. Егер тұрақты анықталған болса, онда функция true мәнін береді, кері жағдайда false. Бұл функцияны төмендегі листингіде көрсетілгендей пайдалануға болады.
<?
define (CONSTANT, "Hello");
if (defined ("CONSTANT"))
{
echo ("CONSTAND is defined");
}
?>