Локальды серверлерді пайдаланудың себебі көп – бізге РНР-ді үйрену керек болды. Өзіңіздің хостингіңізде Web-жобаларды тестілеу қымбатқа түседі және мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Бұл жағдайда сізде локалды машинада Apache+PHP байланыстары қажет болады.
Ең алдымен Apache және РНР дің архивін шығарып алу керек. Apache ресми сайтындағы келтірілген беттен алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін. Әдетте сайт бетінде әртүрлі файлдар көп, мысалы: httpd-2.0.49-win 32-src.zip httpd-2.0.49. tar. Gz, apache 2.0.50-win 32-x86-no ssl-exe.
Ескерту: Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада таралады. Мысалы: *ехе және *msi кеңеюімен және де hеttpd версия win 32 *msi түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны мына сайттан алуға қажет. Екінші және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы кездескен қателектер жойылған.
РНР 5-ті сайтынан табуға болады. Сайтта РНР екі формада мүмкін болады. Алғашқы кодта (Complete Source Code) және компилицияланған нұсқада (Windows Binsries). Бізді ек нұсқада таралатын компиляцияланған версия қызықтырады: орнату түрінде (php-5.0.0-installer exe) және zip архив түрінде (php-5.0.0-Win 32. zip). Орнатушы орнатуда ыңғайлы, бірақ РНР версиясы шектеулі. Оның үстіне автоматты инсталляторды пайдалану бізді Арасһе серверінің конфигурациялаушы файлын құру қажеттілігінен арылтпайды. Сондықтан да zip-архивті жүктеу ұсынылады. Сіз РНР сайтында бола тұрып РНР-ге құжатитаманы алуыңызға да болады. Windows-ты пайдаланушылар үшін сhm-формат әлдеқайда ыңғайлы
Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде лицензиялық келісімі бар терезе пайда болады. одан кейін Арасhе екінші версиясының жаңа кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз. Суретте көрсетілген келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік береді; сервердің домендік аты. Сервердің аты, басарушының электрондық почтасының аты. Егер орнату локальды машинада жүретін болса, домендік атау мен сервер атауына өріске localhost ендіру керек болады. терезенің төменгі бөлігінде сервер сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек болады. (80 немесе 8080). Ол төмендегі суретте көрсетілген. Localhost – бұл ІР –мекен жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға арналған атау.
Бұдан кейін орнату тәслі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен біз басқа каталогты таңдауды ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне дайын екендігін хабарлайды.

Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache жібереді. Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http://localhost/ немесе http://127.0.0.1/- на сервер бетіне жүктелуі керек.
Енді Apache-ні басқаруды үйрену керек. Атап айтсақ серверді жіберуді, тоқтатуды, және жүктеуді үйрену керек. Бұл операцияларды орнатудың көптеген тәсілдері бар: ApacheMonitor көмегімен, Windows сервистерін басқару консолын пайдаланып, Пуск мәзірінің пункттерін пайдалану. Басқарудың консолдарын жіберу үшін мына командаларды орындаңыз.
Пуск ->Настройка->Панель управления-администрирование-> Службы.
Команда орындалғаннан соң төмендегі суретте көрсетілгендей терезе пайда болады. Консолдың пайда болған бетінде, төменде берілген суреттен Apache 2 сервисін таңдау керек. Оң жақтағы түймешікті басу арқылы ашылған контексті мәзір сервистің жіберуін, тоқтатуын, жүктелуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды шығаруды жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде "Тип запуска" тізімінен "Авто" пунктін таңдау керек.
Енді С: /www/ Apach 2/conf. бумасында орналасқан Apache –http. conf. Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте сақтаған жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта жүктегенне кейін ғана енеді.
Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни сервер бұл кодтауға жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады. Кодтауды кодтауға өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды табу керек.
Оны мынаған өзгерту керек.
Бұдан кейін бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру керек болады. Оларды мына мен жаймен табуға болады. Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау керек. Бұл былай болсын C:/www/scripts.
Apache сервері құрылды- енді РНР ді құруғе кірісуге болады. Бұл үшін С: /РНР жобасын құрыңыз. Және ол жерде рhр-5.0.0-Win32.zip. архивіндегілерді архивтеңіз. PHP орнату бумасы ретінде бөлек бума құрамыз. Ол үшін, мысалы: Internet бумасын құрып алып, Пуск - выполнить командаларын орындап, subst E: C:\Internet командасын береміз. Сонда бізде тағы да виртуалды Е дискісі пайда болады. Енді сол дискте usr бумасын құрып, содан кейін usr бумасының ішіне php бумасын құрамыз. Орнату файлы ретінде екі файл болады, біреуі ехе, екіншісі zip файл. Алдымен ехе файлды жүктеймізде пайда болған сұраныс терезелерінен Next батырмасын басып кете береміз және Standart типті орнатамыз. Орнату жолына e:\usr\php жолын көрсетіп оны сонда орнатамыз. Одан кейін SMTP серверін және электронды пошта адрестерін енгізу терезесіне ойдан енгіземіз. Содан кейін бізге PHP жұмыс істейтін серверді таңдау қажет болады. Ол сервер ретінде біз Apache серверін аламыз. Енді бізге қосымша модульдерді орнату мен Apache серверін PHP кодтарын түсінуге үйрету керек болады. PHP - ді Apache - ге келтіру E:/usr/apache/conf бумасынан Apache-ді келтіру httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз, мысалы: “Блокнот” немесе “Word”. Содан кейін
# АddType application/x-httdp-php .php қатарын іздейміз. Ол жерден кометарий белгісін # алып тастаймыз. Осы қатардан кейін,
ScriptAlias /_php/ “PHP жолы”
Action application /x-httpd-php “/_php/php.exe” қатарларын жазамыз.
«PHP жолы» қатры біздің жағдайымызда e:/sr/php/. Бұдан кейін келтіру файлын сақтап, файлды жабамыз.
Apache - де виртуалды хосттар бір компьютерде бірнеше немесе жүздеген виртуалды серверлер болуы мүмкін. өзімізге сондай бір сервер жасау бір немесе одан көп сайт құру үшін қажет болады. Ол үшін біз тағы да сол httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз және файлдың соңына келесі қатарларды жазамыз:
<VirtualHost 127.0.0.1 >
ServerAdmin admin@server
rname.com
Server
erName www.servername.com
DirectoryIndex index.php3 index.phtml index.php
Index.htm Index.html Index.shtml Index.shtm
DocumentRoot “e:/usr/public_html/host/virtual”
ScriptAlias /cgi-bin/ “e:/usr/public_html/host/virtual/cgi-bin/”
ErrorLog e:/usr/php
public_html/host/virtual/logs/error.log
CustomLog e:/usr/public_html/host/virtual/logs/access.log common
</VirtualHost>
PHP скрипттері жұмыс істейтіндігін тексеру үшін алдымен e:/usr/public_html/host/virtual бумасына test.php файлын құрып ішіне келесі кодты жазамыз:
</VirtualHost> < ? phpinfo( ); ?>
Енді браузерге, http://127.0.0.1/test.php деп жазамыз, егер экранда төмендегі суретте көрсетілгендей PHP туралы түрлі ақпарат пайда болса, онда PHP жұмыс істеп тұр деген сөз.

Барлық бағдарламалау тілдеріндегі сияқты PHP-де де өз синтаксисі бар. Оның синтаксисі С және Perl тілдеріне өте ұқсас. PHP-де әр скрипт <? рhp ден басталып ?> жазуымен аяқталуы керек.