HTML тілінің мәтінді пішімдеу тэгтері
HTML тілінің мәтіндік бөлікті пішімдеу тэгтері. Егер бірнеше қатарлы мәтінді құжаттың ішінде теріп, оны браузермен қарасақ, мәтін бір түрлі пішімді шрифтте жазылып, қатарды тасымалдау амалдары орындалмайды. Мәтін браузер терезесіне сиғанша жазылып, кез-келген жерінен келесі қатарға тасымалданады, яғни мәтін пішімдеуді талап етеді.
Оларға төмендегі тегтер жатады:
• <hn> (headers)
(paragraph)
(division)
• <blokequote>
(break)
(horisontal rule)
(preformatted text)
<hn> тэгі мәтін тақырыптарын деңгейге бөледі. Барлығы болып шрифт өлшемімен бөлектенетін алты деңгей бар, яғни n=1, 2,... . Бірінші деңгей ең үлкен өлшемді шрифттермен беріледі. Олардың көмегінде тақырыптар мағынасы бойынша реттеледі. Тақырып </hn> тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибуты тақырыпты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке және center-ортаға туралайды. Мысалы:
тақырып 1
тақырып 2
тақырып 3
тақырып 4
тақырып 5
тақырып 6
деп жазсақ, браузер терезесінде төмендегі сөздер пайда болады:
тақырып 1
тақырып 2
тақырып 3
тақырып 4
тақырып 5
тақырып 6
тэгі жаңа абзацты ұйымдастырады. Мәтінді келесі қатарға көшіріп, абзацты алдыңғы мәтін қатарларынан бөліп тұрады. Абзацты
тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты абзацты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
тэгі мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Браузер бұл бөлікті логикалық объект деп түсінеді. Ол объектпен динамикалық іс-әрекеттер орындай алады. Мәтінді
тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты мәтінді left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
тэгі мәтінді пошталық адрес ретінде сипаттайды. Көп браузерлер мәтінді курсив шрифтпен бейнелейді. Мәтінді
тэгі жабады.
Мысалы:
Шымкент, Тәуке-хан, 5
Нәтиже:
Шымкент, Тәуке-хан, 5
<blokequote> тэгі мәтінді цитата ретінде сипаттайды. Браузер терезеде цитатаны абзац сияқты бейнелейді. Цитатаны </blokequote> тэгі жабады.
Мысалы:
Абайға пародия
<blokequote>
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай
Осы екі айда бір қызбен таныстырып
Ғашық қылып, ажыратқан, құдайым-ай!
</blokequote>
Нәтиже:
Абайға пародия
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай
Осы екі айда бір қызбен таныстырып
Ғашық қылып, ажыратқан, құдайым-ай!
тэгі қатарды тасымалдау амалын орындайды. Бұл тэг жабылу тэгісіз жазылады.
тэгі мәтінге горизонталь сызық енгізеді. Тэг жабылу тэгісіз жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• align – атрибуты сызықты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке және center-ортаға туралайды;
• size – атрибуты сызықтың қалыңдығын пиксельде анықтайды;
• width – атрибуты сызық ұзындығын пиксельде немесе терезе енінің пайызында анықтайды. Егер көрсетілмесе 100%, яғни терезенің толық ені алынады;
• noshade – атрибуты сызықты көлеңкесіз шығарады;
• color – сызық түсін түстердің RGB моделінде анықтайды.
тэгі абзацты сол жазылған пішімделген күйінде, өзгеріссіз браузер терезесінде бейнелейді. Мәтін шрифті моношрифт типінде, барлық әріптердің ені бірдей өлшемді болады. Абзацтағы бос орындар саны мен сөздерді тасымалдау өзгеріссіз жазылады. Абзацты
тэгі жабады.
тэгі мәтін фрагментін бөлектеп, браузер терезесінде ортаға жазуға арналған. Мәтінді  тэгі жабады.
Мәтінді пішімдеу тэгтеріне төмендегі тэгтер жатады:
• <basefont>
•  (italic)
•  (emphasis)
•  (bold)
•  (stronger emphasis)
•  (underline)
•  (strike)
•  (superscript)
•  (superscript)
• , <samp> (sample)
• <tt> (tele type)
• <kbd> (keyboard)
• <var> (variable)
•  (citation)
<basefont> тэгі құжат мәтінінің негізгі шрифтін анықтайды. Бірақта мәтінннің кез-келген жерінде шрифтті  тэгімен өзгертуге болады. Тэгтің жабылу тэгі жоқ. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• size – міндетті атрибут. Негізгі шрифттің өлшемін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ абсолют мән: 1-ден 7-ге дейінгі бүтін сандар. Шрифт өлшемі браузерге байланысты түрде атрибуттың мәніне сәйкес үлкейеді;
▪ салыстырмалы мән: -7-ден +7-ге дейінгі бүтін сандар. Шрифт өлшемі браузердің негізгі шрифт өлшеміне салыстырмалы түрде өзгереді. Егер + болса үлкейеді, ал – болса кішірейеді;
• face – атрибуты негізгі шрифттің типін анықтайды.
тэгі мәтін шрифтінің типін, өлшемін және түсін өзгертеді. Тэг  тэгімен жабылады. Тэг жабылғасын шрифт <basefont> тэгіндегі мәндерді қайтадан алады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• size – атрибуты шрифттің өлшемін анықтайды. Мәндері:
▪ абсолют мән: 1-ден 7-ге дейінгі бүтін сандар;
▪ салыстырмалы мән: -7-ден +7-ге дейінгі бүтін сандар;
• face – атрибуты шрифттің типін анықтайды;
• color – атрибуты шрифттің түсін анықтайды.
Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтінді курсив шрифтпен бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
логикалық екпін тэгі. Мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Әдетте мәтін браузер терезесінде курсив шрифтпен жазылады. Мағынасы жағынан  тэгіне жақын. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтінді жуан шрифтпен бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
күшейтірілген бөлектеу тэгі. Мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Әдетте мәтін браузер терезесінде жуан шрифтпен бейнеленеді. Мағынасы жағынан  тэгіне жақын. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтіннің астын сызады. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтінді жазып, үстінен сызады. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтіннің өлшемін шамалы үлкейтіп бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтіннің өлшемін шамалы кішірейтіп бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  Web - дизайн . Нәтиже: Web - дизайн
тэгі мәтіннің өлшемін шамалы кішірейтіп, дәреже сияқты жоғарыға бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы: 2 2 . Нәтиже: 22
тэгі мәтіннің өлшемін шамалы кішірейтіп, индекс сияқты төменге бейнелейді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы: 2 2 . Нәтиже: 22
тэгі формула немесе программа кодын жазуда қолданылады. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  y=a*x^2+b*x+c . Нәтиже: y=a*x^2+b*x+c
<tt> тэгі мәтінді моношрифт типінде, барлық әріптердің енін бірдей етіп бейнелейді. Тэг </tt> тэгімен жабылады. Мысалы: <tt> Web - дизайн </tt>. Нәтиже: Web - дизайн
<kbd> тэгі тұтынушы пернетақтадан енгізуі қажет болған мәтінді жазуда қолданылады. Мәтін браузер терезесінде моношрифт типінде бейнеленеді. Тэг </kbd> тэгімен жабылады. Мысалы: <kbd> Web - дизайн </kbd>. Нәтиже: Web - дизайн
<var> тэгінен мәтінде айнымалыны белгілеуде пайдаланады. Мәтін браузер терезесінде курсив түрінде бейнеленеді. Тэг </var> тэгімен жабылады. Мысалы: <var> x </var>. Нәтиже: x
тэгі қысқа мәтінді цитата ретінде сипаттайды. Цитата браузер терезесінде курсив түрінде бейнеленеді. Тэг  тэгімен жабылады. Мысалы:  "Web - дизайн" оффлайндық электронды оқулық . Нәтиже: "Web - дизайн" оффлайндық электронды оқулық
Бастапқы бетке