Web-құжатта ақпаратты ықшам түрде бейнелеуде тізімдерден пайдаланады. Тізімдер екі түрге бөлінеді:
• нөмірленген;
• маркерленген.
Тізімдерді құру тэгтеріне төмендегі тэгтер жатады:

unsorted list

ordered list

list item
• <menu> <dir>

definition list

definition term

definition description

тэгі маркерленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше
тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг
тэгімен жабылады.
Мысалы:
«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі маркерленген тізім көрінеді:

тэгі нөмірленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше
тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг
тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• start – атрибуты нөмір қай саннан басталатынын анықтайды. Мән ретінде тек қана бүтін санды алады;
• type – атрибуты нөмірлеу силін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ "A" – латын бас әріптері: A, B, C, …
▪ "a" – кіші латын әріптері: a, b, c, …
▪ "I" – үлкен рим цифрлары: I, II, III, …
▪ "i" – кіші рим цифрлары: i, ii, iii, …
▪ "1" – араб цифрлары: 1, 2, 3, …
Егер type атрибуты берілмесе, онда нөмір араб цифрларымен жазылады.
Мысалы:
«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі нөмірленген тізім көрінеді:

тэгі тізім қатарын құрады. Тэг
және
тэгтері ішінде қолданылады. Тэгтің value атрибуты тек қана
тэгінде қолданылады. Атрибут қатар нөмірінің басталу ретін көрсетеді. Тэг <
тэгімен жабылады.
Мысалы:
«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

«Гамлет» трагедиясын кім жазған:

Шекспир

Монтень

Гомер

Рабле

Софокл

Браузер терезесінде төмендегі нөмірленген тізім көрінеді:
<menu> және <dir> тэгтері HTML 4.0 тілі тэгтеріне жатпайды. Олар нөмірленген тізім құруда
тэгінің орнына пайдаланылуы мүмкін.

тэгі анықтамалар тізімін құрады. Анықтамалар термин (
тэгі) және оның сипаттамасынан (
тэгі) тұрады. Тэгтің compact атрибуты тізімді ықшам түрде бейнелейді. Атрибуттың мәні жоқ. Тэг
тэгімен жабылады.
Мысалы:

HTML
гипермәтінді белгілеу тілі

WWW
бүкіләлемдік өрмек

Нәтиже:

тэгі анықтамалар тізімінің терминін анықтайды. Ол
тэгінің ішінде қолданылады. Тэг жабылу тэгісіз жазылады.

тэгі анықтамалар тізімінің сипаттамасын анықтайды. Ол
тэгінің ішінде қолданылады. Тэг жабылу тегісіз жазылады.