Web-құжатта кестелерден пайдалану

Web-құжаттармен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кестедегі қатар мен баған қиылысқан орынды ұяшық деп атаймыз. Ұяшықтың ішінде мәтінмен қатар, сурет, шағын кесте де болуы мүмкін. HTML тілінің кестелермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:
      • <table>
      • <caption>
      • <tr> (table row)
      • <td> (table data)
      • <th> (table head)

<table> тэгі Web-құжатқа кесте құру үшін қажет. Тэг </table> тэгімен жабылады. Кестенің ұяшықтары <caption>, <tr>, <td> және <th> тэгтерімен құрылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
      • align – атрибуты кестені браузер терезесінде left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке және center-ортаға туралайды. Үндеместен left мәні қолданылады;
      • valign – атрибуты кестені браузер терезесінде тігінен туралайды. Көптеген браузерлер бұл атрибутты бейнелемейді. Мәндері:
            ▪ top – төменнен;
            ▪ bottom – жоғарыдан;
            ▪ middle – ортадан (үндеместен қолданылады);
      • border – атрибуты кесте рамкасының қалындығын пиксельде анықтайды. Егер атрибут жазылмаса, онда рамка көрінбейді;
      • cellpadding – атрибуты кестенің әр бір ұяшығындағы мәтіннің ұяшық рамкасына дейінгі қашықтықты пиксельде анықтайды;
      • cellspacing – атрибуты кестенің жалпы рамкасы мен әр бір ұяшығының рамкасы арасындағы қашықтықты пиксельде анықтайды;
      • width – атрибуты кестенің енін анықтайды. Кестенің ені пиксельде немесе браузер терезесіне сәйкес пайызда беріледі. Егер атрибут жазылмаса, кестенің ені енгізілген мәтін ұзындығы бойынша анықталады;
      • height – атрибуты кестенің биіктігін анықтайды. Кестенің биіктігі пиксельде немесе браузер терезесіне сәйкес пайызда беріледі. Егер атрибут жазылмаса, кестенің биіктігі енгізілген мәтін бойынша анықталады;
      • bgcolor – атрибуты кестенің фон түсін анықтайды. Түс RGB (red, green, blue) моделімен беріледі;
      • background – атрибуты кесте фоны ретінде суретті алады. Атрибуттың мәні ретінде суреттің URL-адресі беріледі;
      • title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.

Мысалы:
       <table width="50%" border="1">
       <tr> <td>
       Web-дизайн мен Интернет қызметтері
       </td></tr>
       <tr> <td>
       WWW қызметі
       </td></tr>
       <tr> <td>
       Web-құжат құрылымы<
       </td></tr>
       </table>

Браузер терезесінде келесі кесте пайда болады:

Web-дизайн мен Интернет қызметтері
WWW қызметі
Web-құжат құрылымы

<caption> тэгі кестенің тақырыбын анықтайды. Тақырып тек қана мәтіннен тұрады. Тэг </caption> тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибутының top мәні (үндеместен қолданылады) тақырыптың кесте басында, ал bottom мәні соңында болуын анықтайды.

<tr> тэгі кестенің ұяшықтар қатарын анықтайды. Тэг </tr> тэгімен жабылады. Ұяшықтар <td> және <th> тэгтерімен құрылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
       align – атрибуты ұяшық мәтінін left –сол жақ шетке, right –оң жақ шетке және center –ортаға туралайды. Үндеместен left мәні қолданылады;
       valign – атрибуты ұяшық мәтінін браузер терезесінде тігінен туралайды. Қабылдайтын мәндері:
             top – төменнен;
             bottom – жоғарыдан;
             middle – ортадан (үндеместен қолданылады);
             bgcolor – атрибуты кесте ұяшығының фон түсін анықтайды.

<td> тэгі кестенің ағымдағы қатарында ұяшық құрады. Тэг </td> тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
      • align – атрибуты ұяшық мәтінін браузер терезесіне туралайды. Егер атрибут жазылмаса, онда тэгінің align атрибутының мәні үндеместен алынады. Қабылдайтын мәндері:
             left – сол жақ шетке;
             right – оң жақ шетке;
             center – ортаға;
      • valign – атрибуты ұяшық мәтінін браузер терезесінде тігінен туралайды. Егер атрибут жазылмаса, онда тэгінің valign атрибутының мәні үндеместен алынады. Қабылдайтын мәндері:
            ▪ top – төменнен;
            ▪ bottom – жоғарыдан;
            ▪ middle – ортадан (үндеместен қолданылады);
      • width – атрибуты ұяшықтың енін анықтайды. Ұяшықтың ені пиксельде немесе кесте еніне сәйкес пайызда беріледі;
      • height – атрибуты ұяшық биіктігін анықтайды. Ұяшықтың биіктігі пиксельде немесе кесте биіктігіне сәйкес пайызда беріледі;
      • colspan – атрибуты кесте ұяшығы қанша бағанды біріктіретінін анықтайды. Егер жазылмаса атрибуттың мәні үндеместен бірге тең;
      • rowspan – атрибуты кесте ұяшығы қанша қатарды біріктіретінін анықтайды. Егер жазылмаса атрибуттың мәні үндеместен бірге тең;
      • nowrap – атрибуты ағымдағы ұяшықта мәтінді тасымалдауға тиім салады;
      • bgcolor – атрибуты кесте ұяшығының фон түсін анықтайды;
      • background – атрибуты ұяшықтың фоны ретінде суретті алады. Атрибуттың мәні ретінде суреттің URL-адресі беріледі.

<th> тэгі <td> тэгі сияқты кестенің ағымдағы қатарында ұяшық құрады, тек ұяшық мәтінін тақырып деп анықтайды. Мұндай анықтама браузерге тақырып пен мәтінді бөлектеу мүмкіндігін береді. Тэгтің атрибуттары <td> тэгінің атрибуттарына ұқсас. Тэг </th> тэгімен жабылады.

Кесте құруға мысалдар қарастырайық. Қарапайым кесте құрамыз:
       <table width="50%" border="1">
          <tr>
             <td> 1 </td>
             <td> 2 </td>
             <td> 3 </td>
          </tr>
          <tr>
             <td> 4 </td>
             <td> 5 </td>
             <td> 6 </td>
          </tr>
       </table>

Браузер терезесінде келесі кесте пайда болады:

1 2 3
4 5 6

Кестеге жалпы фон түсін, ал кейбір ұяшықтарға басқа фон түсін беруге болады. Кейбір ұяшықтардың мәтінін пішімдейік.
       <table width="50%" border="1" >
          <tr>
             <td align="center"> 1 </td>
             <td align="center"> 2 </td>
             <td align="center"> 3 </td>
          </tr>
          <tr>
             <td bgcolor="#ff0000"> 4 </td>
             <td bgcolor="#ffffff"> 5 </td>
             <td bgcolor="#0000ff"> 6 </td>
          </tr>
       </table>

Браузер терезесінде келесі кесте пайда болады:

1 2 3
4 5 6

Кесте ұяшықтарын бір-біріне қосуға болады. Кейбір ұяшық мәтіндерінің түсін өзгертіп көрейік.
       <table width="50%" border="1" bgcolor="#e0e0e0">
          <tr>
             <td align="center" colspan="2"> <font color="#ff0000"> 1+2 </font> </td>
             <td align="center" rowspan="2" width="25%" bgcolor="#0000ff"> 3+6 </td>
          </tr>
          <tr>
             <td bgcolor="ff0000"> 4 </td>
             <td bgcolor="#ffffff" > 5 </td>
          </tr>
       </table>

Браузер терезесінде келесі кесте пайда болады:

1+2 3+6
4 5

Бастапқы бетке