Web-құжатқа сілтеме, сурет және объекттер енгізу
HTML тілі Web-құжатқа суреттерді, кестелерді енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар желідегі басқа Web-құжаттармен байланысуда гиперсілтемелерден пайдаланады. Web-құжатқа сілтеме, сурет, объект, апплет және скрипттер енгізуді қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:
•  (anchor)
•  (image)
• <embed>
• <noembed>
• <applet>
• <param>
• <object>
• <marquee>
тэгі гиперсілтемелерді құруда және пайдалануда қолданылады. Тэг  тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• name – атрибуты бастапқы және жабылу тэгтері арасындағы мәтінді сілтеме жасау объекті деп анықтайды. Мән ретінде қайталанбайтын кез-келген сөзді латын әріптерімен жазуға болады.
• href – атрибуты бастапқы және жабылу тэгтері арасындағы мәтінді немесе суретті гиперсілтеме деп анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ "http://..." – Web-құжатқа сілтеме жасайды;
▪ "ftp://..." – ftp-сайтқа немесе құжатқа сілтеме жасайды;
▪ "mailto:..." – пошталық клиент-программаны жүктейді. Ашылған өріске электрондық адрес пен жіберілетін мәтін жазылады;
▪ "news:..." – жаңалықтар серверінің конференциясына сілтеме жасайды;
▪ "telnet://…" – қашықтағы компьютерге telnet-программасымен байланысқа сілтеме жасайды;
▪ "wais://…" – wais-серверге сілтеме жасайды;
▪ "gopher://..." – gopher-серверге сілтеме жасайды.
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
• target – атрибуты сілтемеде көрсетілген құжаттың бейнелену фрейм терезесін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ "_self" – href атрибутында анықталған құжат ағымдағы фреймде бейнеленеді;
▪ "_parent" – href атрибутында анықталған құжаттың ағымдағы фреймнің аналық фреймінде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда ағымдағы фреймді қосушы frameset тегі сипатталған терезені көретеді;
▪ "_top" – href атрибутында анықталған құжаттың бастапқы фреймде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді;
▪ "_blank" – href атрибутында анықталған құжаттың жаңа терезеде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді.
Егер байланыс түрі мен URL-адрес көрсетілмесе бастапқы адрес ретінде ағымдағы бума алынады. Бұл салыстырмалы сілтеме жасауға мүмкіндік береді: Мысалы:  WWW қызметі .
Бұл жерде ағымдағы буманың files ішкі бумасындағы text2.html файлына сілтеме жасалған.
Мысалы: құжаттың кез-келген жеріне  информатика  тэгі жазылсын, онда  информатика  тэгі сол «информатика» сөзі жазылған бөлімге сілтеме жасайды. Браузер терезесіндегі басқа түспен бөлектенген информатика сөзін тышқан көрсеткішімен басу арқалы, сол бөлімге келеміз.
Мысалы:  Web-құжатқа сілтеме, сурет және объекттер енгізу  Бұл жерде ағымдағы буманың files ішкі бумасындағы text7.html файлына сілтеме жасалған. Аталған файл жаңа терезеде бейнеленеді.
тэгі Web-құжатқа суретті енгізуде қолданылады. Сурет jpg, gif немесе png форматтарының бірінде болуы тиіс. Тэг жабылу тэгісіз жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• src – міндетті атрибут. Енгізілетін суреттің URL-адресін анықтайды;
• height – атрибуты суреттің биіктігін пиксельде анықтайды;
• width – атрибуты суреттің енін пиксельде анықтайды;
• hspace – атрибуты суреттің құжаттағы басқа объекттен горизонталь бойынша қашықтығын пиксельде анықтайды;
• vspace – атрибуты суреттің құжаттағы басқа объекттен вертикаль бойынша қашықтығын пиксельде анықтайды;
• align – міндетті атрибут. Құжатта суретті браузер терезесіне туралау түрін көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
• left – суретті сол жақ шетке туралайды. Ағымдағы мәтін суретті оң жағынан қоршайды;
• right – суретті оң жақ шетке туралайды. Ағымдағы мәтін суретті сол жағынан қоршайды;
• top – суреттің жоғарғы шетін ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
• bottom – суреттің төменгі шетін ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
• middle – суреттің ортасын ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
• absmiddle – суреттің ортасын ағымдағы мәтіннің ортасына туралайды;
• absbottom – суреттің төменгі шетін ағымдағы мәтіннің төменгі сызығына туралайды;
• name – атрибуты суретті сілтеме жасау объекті деп анықтайды. Мән ретінде қайталанбайтын кез-келген сөзді латын әріптерімен жазуға болады;
• alt – атрибуты қосалқы мәтінді анықтайды. Егер браузер сурет файлын таба алмаса, онда терезеде суреттің орнында қосалқы мәтін пайда болады;
• border – атрибуты сурет рамкасының қалындығын пиксельде анықтайды;
• usemap – атрибуты суретті тэгінде анықталған навигациялық картамен байланыстырады. Атрибуттың мәні тэгінің name атрибуты мәнімен сәйкес болуы тиіс.
• ismap – атрибуты суретті сервер өңдейтін навигациялық картамен байланыстырады. Егер тұтынушы суретті тышқанмен шертсе, суреттің сол жерінің х, у координаталарын пиксель түрінде құжат орналасқан серверге жіберіледі. Сервер жіберілген координаталарды өңдеп, қажетті құжатты немесе суретті көрсетеді. Атрибуттың мәні жазылмайды;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
Мысалы:  – браузер терезесінің сол жақ шетіне files бумасындағы des.jpg суреті шығады.
Мысалы:  – браузер терезесінде мәтін files бумасындағы des.jpg суретінің сол жағынан 10 пиксель ара қашықтық тастап жазылады.
<embed> тэгі құжатқа басқа объекттерді (html-емес құжаттар) енгізуде қолданылады. Бірақта көптеген браузерлер бұл тэгті қолдамайды. Тэг </embed> тэгімен жабылады. Тэг  тэгі сияқты орындалады. Сондықтан src, height, width, hspace, vspace, align, name, alt, border атрибуттары бірдей. Басқа қосымша атрибуттары:
• pluginspace – атрибуты енгізілген объектті өңдейтін плагин (plug-in) орналасқан URL-адресті анықтайды. Мысалы: mp3 файлдары үшін қажетті плэйерді (player) көрсету қажет;
• palette – атрибуты енгізілген объект үшін түс палитрасы түрін анықтайды. Бұл атрибут тек қана Windows жүйесінде 256 түсті палитрада ғана қолданылады. Қабылдайтын мәндері:
▪ background – объектті background-палитрасымен бейнелейді (үндеместен қолданылады);
▪ foreground – объектті foreground-палитрасымен бейнелейді;
• hidden – атрибуты енгізілген объектті көрсету қажет пе, жоқ па, соны анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ true – объектті көрсетпейді;
▪ false – объектті көрсетеді (үндеместен қолданылады);
• type – атрибуты браузерге объектті өңдеуші плагинді анықтау мақсатында, енгізілетін объект файлының типін ашық көрсетеді. Атрибуттың мәні ретінде тіркелген MIME-тип файлы жазылады;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
<noembed> тэгі, егер <embed> тэгі жұмыс істемесе пайдаланылатын мәтінді анықтайды. Тэг </noembed> тэгімен жабылады.
Мысалы: <embed src="music.mid" hidden="true"> <noembed> Сіздің браузеріңізде бұл тэг орындалмайды; </noembed> </embed>.
<applet> тэгі құжатқа Java-апплет (Java тілінде құрылған программалар) енгізуде қолданылады. Тэг </applet> тэгімен жабылады. Браузерде Java-апплет құжатта енгізілген сурет сияқты бейнеленіп, орындалады. Сондықтан  тэгі сияқты src, height, width, hspace, vspace, align, name, alt, border атрибуттарының қолданылуы бірдей. Басқа қосымша атрибуттары:
• code – міндетті атрибут. Сілтеме жасалған Java-апплеттің атын анықтайды;
• codebase – атрибуты Java-апплет файлының негізгі URL-адресін анықтайды. Егер атрибут жазылмаса ағымдағы құжаттың URL-адресін қабылдайды.
• аlign – міндетті атрибут. Java-апплетті суретті браузер терезесіне туралау түрін көрсетеді;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
<param> тэгі <applet> тэгінің ішінде Java-программаға мән енгізуде қолданылады. Тэг жабылу тэгісіз жазылады.
<object> тэгі құжатқа басқа объекттерді (html-емес құжаттар) енгізуде қолданылады. HTML 4.0 тілінде бұл тег <embed> және <applet> тэгтерінің орнына енгізілген.
<marquee> тэгін құжатқа жүгіруші мәтін қатарын енгізуде пайдаланады. Тэг </marquee> тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• behavior – атрибуты мәтіннің браузер терезесінде көріну режимін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
• alternate – мәтін терезе шетіне келіп артқа қайтады;
• scrool – мәтін терезеде қайта-қайта айналып жүгіріп отырады (үндеместен қолданылады);
• slide – мәтін терезенің сол жағына келіп тоқтайды.
• bgcolor – фон түсін анықтайды;
• loop – мәтіннің қайталану санын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ 0 - 9 – қайталану саны;
▪ infinite – шексіз (үндеместен қолданылады);
• direction – жүгіруші мәтіннің бағытын көрсетеді. Мәндері:
▪ down – жоғарыдан төменге;
▪ left – оңнан солға (үндеместен қолданылады);
▪ right – солдан оңға;
▪ up – төменнен жоғарыға;
• lang – мәтіннің негізгі тілін анықтайды. Бұл ақпарат іздеу серверлерінде, дыбыстық синтезаторларда пайдаланылады. Мысалы: en – ағылшынша; ru – орысша;
• scrolldelay – жүгіруші мәтіннің жылдамдығын миллисекундда анықтайды;
• scrollamount – жүгіруші мәтіннің жылдамдығын пиксельде анықтайды.
Мысалы: <marquee direction="right"> Web - дизайн </marquee>
Web - дизайн
Бастапқы бетке