Web-құжатта тұтынушымен ақпарат алмасу қажет болса, онда қалыптан пайдаланады. Әдетте қалыптан тұтынушыны тіркеуде, әр-түрлі мәліметтер жинауда, сұранысты қабылдауда пайдаланады. Қалып тұтынушыға арнайы тек толтыруға рұқсат етілген өрістерге деректер енгізуді ұсынады. Енгізілген деректерді Web-сервердегі арнайы программа (скрипт) өңдейді. HTML 4.0 тілінің қалыптармен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:
• <form>
• <textarea> (text area)
• <select>
• <option>
• <input>
<form> тэгі қалып құрушы негізгі тэг. Тэг </form> тэгімен жабылады. Тэгтің ішінде HTML тілінің көптеген тэгтерінен пайдалануға болады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• name – атрибуты қалыптың өзіндік атын анықтайды. Атрибуттан құжатта бірнеше қалып болғанда пайдаланады;
• action – міндетті атрибут. Қалыпқа енгізілген деректерді өңдеуші скрипттің URL-адресін анықтайды;
• method – атрибуты қалыптың мазмұнын сервердегі скриптке жіберу әдісін таңдайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ get – параметрлерді ашық жіберу (үндеместен қолданылады);
▪ post – параметрлерді жасырын жіберу;
• enctype – атрибуты қалыптың мазмұнын сервердегі скриптке жіберудің post әдісіндегі деректердің MIME-типін анықтайды;
• target – атрибуты қалып мазмұнын өңдеген сервердегі скрипттің нәтижелері бейнеленетін фреймнің атын анықтайды. Ал егер
▪ _self – нәтиже ағымдағы фреймде бейнеленеді;
▪ _parent – нәтиже ағымдағы фреймнің аналық фреймінде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді;
▪ _top – нәтиже бастапқы фреймде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді; (үндеместен қолданылады);
▪ _blank – нәтиже жаңа фреймде бейнеленуі қажет екенін көрсетеді;
▪ нақты көрсетілген фреймнің аты;
• accept-charset – атрибуты құжатқа енетін нәтиженің код стандартын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ ISO-8859-1 – жалпы стандарт;
▪ Windows-1250 – ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін;
▪ Windows-1251 – орыс тіліндегі мәтіндер үшін;
• dir – атрибуты мәтіннің бейнелену бағытын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ ltr – солдан оңға;
▪ rtl – оңнан солға;
• lang – мәтіннің негізгі тілін анықтайды. Мысалы: en – ағылшынша; ru – орысша;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
<textarea> тэгі қалыпта мәтіндік аймақты анықтайды. Тэг <form> тэгінің ішінде жазылып, </textarea> тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• name – міндетті атрибут, өрістің өзіндік атын анықтайды;
• rows – атрибуты өріс терезесінде мәтіннің көрінуге тиісті қатар санын анықтайды;
• cols – атрибуты өріс терезесінде мәтіннің көрінуге тиісті баған санын анықтайды;
• wrap – атрибуты мәтіннің сөздерін тасымалдау әдісін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ off – мәтін сөздері тасымалданбайды;
▪ virtual – мәтін сөздері тасымалданады, бірақта сервердегі скриптке тасымалданбай жіберіледі;
▪ physical – мәтін сөздері тасымалданады;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды;
• lang – мәтіннің негізгі тілін анықтайды;
• dir – атрибуты мәтіннің бейнелену бағытын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ ltr – солдан оңға;
▪ rtl – оңнан солға;
• align – атрибуты мәтінді браузер терезесіне туралайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ left – сол жақ шетке;
▪ right – оң жақ шетке;
▪ baseline – негізгі сызыққа;
▪ top – жоғары шетке;
▪ bottom – төменгі шетке;
▪ center – ортаға;
▪ justify – еніне;
Мысалы:
<form action="mailto:web-design@mail.ru" method=post>
<textarea name="comments" wrap="virtual" cols="40" rows="3">
</textarea><br>
<input type="submit" value="жіберу">
</form>
Браузер терезесінде келесі қалып пайда болады:
Қалыпқа енгізілген мәтінді, браузер элекрондық поштаға жібереді. Көрсетілген мысалда mailto: – скрипттің аты, web-design@mail.ru – электрондық адрес.
<select> тэгі қалыпта мәзірді анықтайды. Тұтынушы мәзір ішінен қажеттісін таңдай алады. Тэг <form> тэгінің ішінде жазылып, </select> тэгімен жабылады. Тэг ішінде бірнеше <option> тэгі жазылуы тиіс. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• name – атрибуты мәзірдің өзіндік атын анықтайды;
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды;
• lang – мәзірдің негізгі тілін анықтайды;
• dir – атрибуты мәтіннің бейнелену бағытын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ ltr – солдан оңға;
▪ rtl – оңнан солға;
• align – атрибуты мәзір мәтінін браузер терезесіне туралайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ left – сол жақ шетке;
▪ right – оң жақ шетке;
▪ baseline – негізгі сызыққа;
▪ top – жоғары шетке;
▪ bottom – төменгі шетке;
▪ center – ортаға;
▪ justify – еніне;
• multiple – атрибуты мәзірдің бірнеше тақырыбын таңдау мүмкіндігін береді. Бірнеше тақырыпты таңдауда Ctrl пернесін басып тұру қажет. Атрибуттың мәні жоқ. Егер атрибут жазылмаса, мәзірдің тек қана бір тақырыбын таңдау мүмкін.
<option> тэгі қалыптағы мәзірдің тақырыптарын анықтайды. Тэг <select> тэгінің ішінде жазылып, жабылу тэгі болмайды. Тэгтің атрибуттары:
• value – атрибуты ағымдағы тақырыпқа берілетін мәнді анықтайды. Егер атрибут берілмесе мән ретінде тақырыптың мазмұны алынады;
• selected – логикалық атрибуты ағымдағы тақырыпты бөлектеп, мазмұнын бастапқы мән ретінде қабылдайды.
Мысалы:
<form action="mailto:web-design@name" method=post>
<select name="firstname" multiple>
<option value="rumbler">rambler.ru
<option value="mail">mail.ru
<option value="google" selected>google.kz
<option value="narod">narod.ru
</select>
<input type="submit" value="ok">
</form>
Браузер терезесінде келесі қалып пайда болады:
<input> тэгі қалыптың өрісін анықтайды. Өрістің мазмұнын тұтынушы анықтайды немесе орындауға жібереді. Тэг <form> тэгінің ішінде жазылып, жабылу тэгі болмайды. Тэгтің атрибуттары:
• name – атрибуты өрістің өзіндік атын анықтайды;
• type – атрибуты өрістің типін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ text – мәтіндік өріс;
▪ textarea – мәтіндік аймақ;
▪ file – қалыпқа файлды біріктіреді;
▪ password – мәтіндік өріс. Енгізілген мәтіннің орнына * символы шығады;
▪ checkbox – чекбокс, логикалық типті (ия/жоқ) немесе бірнеше пернелі тізімді өріс. Бірнеші өрісті қатар белгілеуге болады. Таңдалған әрбір өрістің өзіндік name/value мәнін серверге жібереді. Осы типті өрістің міндетті түрде name, value және міндетті емес checked атрибуттары болуы тиіс;
▪ radio – берілген тізімнің біреуін таңдау өрісі. Тізімдегі барлық пернелер (radio buttons) бірдей аталуы тиіс, олардың тек қана біреуі белгіленеді. Таңдалған өрістің name/value мәні серверге жіберіледі. Осы типті өрістің міндетті түрде name, value және міндетті емес checked атрибуттары болуы тиіс;
▪ submit – перне өрісі. Құрылған пернені бассақ, қалып деректері серверге жіберіледі. Value атрибутының мәні перне үстіндегі жазуды көрсетеді;
▪ image – графикалық перне өрісі. Графикалық суреттің URL-адресі src атрибутының мәні ретінде көрсетіледі. Серверге тышқан көрсеткішімен шертілген суреттегі орынның х, у координаталары жіберіледі. Координаталар өсі терезенің сол жақ жоғары бұрышынан басталады. Серверге жіберілетін координаталар name.х/value және name.у/value атауына ие.
▪ reset – перне өрісі; Құрылған пернені бассақ, қалып өрістеріндегі мәтіндер өшеді, деректер серверге жіберілмейді. Value атрибутының мәні перне үстіндегі жазуды білдіреді;
▪ hidden – жасырын өріс, терезеде бейнеленбейді. Өрістің мазмұны name/value басқа мәндер сияқты, серверге жіберіледі. Әдетте тұтынушыға білдірмей, скрипттен скриптке мәлімет жіберуде қолданылады;
▪ button – перне өрісі, скрипттің функционалдық перне қызметін атқарады. Value атрибутының мәні перне үстіндегі жазуды білдіреді;
• value – атрибуты өрістің атын, перне үстіндегі жазуды анықтайды;
• checked – логикалық атрибуты тізімдегі тақырыпты бөлектеп, мазмұнын бастапқы мән ретінде қабылдайды;
• size – атрибуты мәтіндік өріс өлшемін символда анықтайды;
• maxlength – атрибуты өріске енгізілетін мәтіннің ұзындығын анықтайды;
• src – атрибуты графикалық перненің URL-адресін анықтайды;
• align – атрибуты графикалық пернені браузер терезесіне туралау түрін көрсетеді. type="image" атрибутымен бірге қолданады. Қабылдайтын мәндері:
▪ left – графикалық пернені сол жақ шетке туралайды. Ағымдағы мәтін пернені оң жағынан қоршайды;
▪ right – графикалық пернені оң жақ шетке туралайды. Ағымдағы мәтін пернені сол жағынан қоршайды;
▪ top – графикалық перненің жоғарғы шетін ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
▪ bottom – графикалық перненің төменгі шетін ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
▪ middle – графикалық перненің ортасын ағымдағы мәтіннің негізгі сызығына туралайды;
▪ absmiddle – графикалық перненің ортасын ағымдағы мәтіннің ортасына туралайды;
▪ absbottom – графикалық перненің төменгі шетін ағымдағы мәтіннің төменгі сызығына туралайды;
• accept – атрибуты файлдың өрістің MIME-типін анықтауда, type="file" атрибутымен бірге қолданылады. Мысалы: accept="text/html", "image/png", "image/gif", "text/tcl", "text/javascript", "text/vbscript"
• title – атрибуты ағымдағы түсініктемені анықтайды.
• alt – атрибуты қосалқы мәтінді анықтайды. Егер браузер файлды таба алмаса, онда терезеде өрістің орнында қосалқы мәтін пайда болады;
• dir – атрибуты өрістегі мәтіннің бейнелену бағытын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:
▪ ltr – солдан оңға;
▪ rtl – оңнан солға.