Web-құжатта фреймдерден пайдалану, құжатты рәсімдеу мүмкіндіктерін арттырады. Фреймдер браузер экранын бірнеше терезеге бөледі. Әр бір терезеде құжаттың жеке бір парағы бейнеленеді. Осы технология негізінде браузерге бірнеше Web-құжатты бір уақытта жүктеу мүмкін. HTML 4.0 тілінің фреймдермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:
• <frameset> (frame set)
• <frame>
• <noframes>
<frameset> тэгі құжаттың фреймдік құрылымын сипаттайды. Тэг фреймдердің өлшемін, олардың экрандағы орнын анықтайды. Тэг </frameset> тэгімен жабылады. Бұл тэг құжатта <body> тэгінің орнына, яғни құжаттың негізгі бөлімі ретінде қолданылады. Тэгтің ішінде <frame> және <noframe> тэгтері жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• rows – атрибуты браузер терезесіндегі горизонталь фреймдер саны мен өлшемдерін анықтайды. Фреймдер өлшемі тізбектеліп, төмендегі тәсілдердің бірімен беріледі:
▪ браузер терезесі биіктігіне сәйкес пайыз – % түрінде. Мысалы: "30%, 30%, 40%";
▪ браузер терезесінің барлық көлемі – * түрінде. Мысалы: "25%, 25%, *";
▪ пиксельде – бүтін сан түрінде. Мысалы: "200, *";
• cols – атрибуты браузер терезесіндегі вертикаль фреймдер саны мен өлшемдерін анықтайды. Фреймдер өлшемі тізбектеліп, төмендегі тәсілдердің бірімен беріледі:
▪ браузер терезесі еніне сәйкес пайыз – % түрінде. Мысалы: "30%, 30%, 40%";
▪ браузер терезесінің барлық көлемі – * түрінде. Мысалы: "25%, 25%, *";
▪ пиксельде – бүтін сан түрінде. Мысалы: "200, *";
• border – атрибуты фреймдердің рамкасын пиксельде анықтайды;
• frameborder – атрибуты фреймдердің рамкасы бар немесе жоқтығын анықтайды. Мәндері: yes, no немесе 1, 0;
• framespacing – атрибуты фреймдер арасының қашықтығын (бос аймақ) пиксельде анықтайды;
<frame> тэгі фреймді және оның қасиеттерін анықтайды. Тэг жабылу тэгісіз, <frameset> тэгінің ішінде жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
• src – міндетті атрибут, фреймде бейнеленетін html-файлдың URL-адресін анықтайды;
• name – атрибуты фреймнің өзіндік атын анықтайды. Бұл атау басқа құжаттан сілтеме жасалғанда target атрибутының мәні ретінде беріледі;
• marginwidth – атрибуты фрейм мазмұнының терезеден сол жақ және оң жақ шеттен ара қашықтығын пиксельде анықтайды;
• marginheight – атрибуты фрейм мазмұнының терезеден жоғарғы және төменгі шеттен ара қашықтығын пиксельде анықтайды;
• scrolling – атрибуты фрейм терезеcінің айналдыру сызғышын анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
▪ yes – айналдыру сызғышы бейнеленеді;
▪ no – бейнеленбейді;
▪ auto – қажет болса бейнеленеді;
• noresize – атрибуты фрейм өлшемдерін өзгертуге тиім салады;
• frameborder – атрибуты фреймнің рамкасын анықтайды. Мәндері: yes, no немесе 1, 0;
<noframe> тэгі, егер браузер фреймді қолдамаса, терезеге шығатын мәтінді анықтайды. Тэг </noframe> тэгімен жабылады. Тэг <frameset> тэгінің ішінде атрибутсыз жазылады.
Мысалы:
<frameset frameborder="1" framespacing="0" border="1" cols="250,*">
<frame src="info1.html" name="page1">
<frameset rows="160,*">
<frame src="info2.html" name="page2" marginwidth="0">
<frame src="info3.html" name="page3" marginwidth ="0">
</frameset>
<noframes> фреймдер </noframes>
</frameset>

Мысалы:
<frameset frameborder="1" framespacing="0" border="1" cols="80%,*">
<frameset rows="20%,*">
<frame src="info1.html" name="page1" marginwidth="0">
<frameset cols="20%,*">
<frame src="info2.html" name="page2" marginwidth ="1">
<frame src="info3.html" name="page3" marginwidth ="1">
</frameset>
</frameset>
<frame src="info4.html" name="page4">
<noframes> сіздің браузер фреймді көрсетпейді </noframes>
</frameset>
Браузер терезесінде келесі фреймдер пайда болады:
