Сабырханов Дархан Сабырханұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Техника ғылымдарының докторы
Білімі: 
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) (1974 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ш.Ділдәбеков атындағы кеңшары, 1953 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
05.17.08 – Химиялық технологиялардың процестері мен аппараттары (1996 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Разработка, расчет и внедрение массообменных и пылеулавливающих аппаратов с подвижной и регулярной насадкой действия и методика ее расчета
Қысқаша еңбек жолы: 
1974 жылы М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын заводының БӨПжА (КИПиА) цехында аға инженері. 1975-1977 жылдары ҚазХТИ «Минск-22» ЭСЕМ (ЭЦВМ) инженері, фосфор өндірісінің газтозаң қалдықтарын тазалау мен пайдаға асыру салалық зертханасының аға инженері. 1977-1980 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының аспиранты. 1980-1983 жылдары ҚазХТИ салалық зертханасының кіші ғылыми қызметкері меңгерушісі. 1983-1986 жылдары докторантурада оқыды. 1983-1988 жылдары ҚазХТИ «Автоматтандыру және химия-технологиялық процестерді кешенді механикаландыру» кафедрасының аға оқытушысы, доценті. 1988-1993 жылдары ҚазХТИ «Химиялық өндірістердің машиналары және аппараттары» кафедрасының доценті, меңгерушісі. 1996-1998 жылдары ҚазХТИ, Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті «Химиялық өндірістердің машиналары және аппараттары» кафедрасының меңгерушісі. 1998-2003 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-Әдістемелік бірлестік жөніндегі (ОӘБ) проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры. 2003-2007 жылдары Агроөнерәсіптік факультетінің деканы, Агроөнеркәсіптік институтының директоры. 2007-2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу істері жөніндегі проректоры. 2008-2012 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік берлестік жөніндегі проректоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
200
Атақ және марапаттары: 
«Жылжымалы ұштығы бар аппарат» жасалымы үшін КСРО Мембілімкомитеті сыйлығының лауреаты, «КСРО өнертапқышы» төсбелгісімен марапатталған, «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006 ж.) «ҚР Білім беру үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған, ҚР БҒМ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Негізгі ғылыми еңбектері: