Қарақұлов Қарабай Жамалбекұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда Мемлекеттік педагогикалық институты (1962 – 1965)
Туылған жері және жылы: 
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылы,1938 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
13.00.01- Педагогика теориясы мен тарихы (1992 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерді басқарудың педагогикалық негіздері
Қысқаша еңбек жолы: 
1962 – 1964 жылдары Институтта оқумен қатар Билікөл орта мектебінде мұғалім. 1964 – 1965 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы аудандық Комсомол комитетінде инструктор. 1965 – 1967 жылдары Жуалы ауданы Бурное селосында А.И. Герцен атындағы және Оржанкидзе атындағы мектептерінде мұғалім. 1968- 1970 жылдары Жуалы ауданының А.С. Пушкин атындағы мектебінде директор орынбасары . 1970 – 1971 жылдары А.И. Герцен атындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі, мектепте директор. 1971 – 1974 жылдары Москва қаласында Советтер Одағының Педагогика Ғылымдар Академиясының жалпы педагогика ғылыми – зерттеу институтының күндізгі бөлім аспиранты. 1974 жылы педагогика ғылымдарының кандидаттық ғылыми дәрежесі берілді. 1974 жылы Кеңестер Одағының Педагогика Ғылымдар Академиясының жолдамасы бойынша Қазақстанның халық ағарту Министрлігіне жіберіліп,осы Министрліктің жолдамасымен Шымкент педагогика институтына қызметке келді. 1974 – 1992 жылдары Шымкент педагогика институтының педагогика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент .. 1991 жылы Ташкент қаласында Низами атындағы «Халықтар Достығы» орденді Мемлекеттік Педагогикалық институтында Қазақстан мен Орта Азия Республикаларының мамандандырылған педагогика ғылымдарынан ( жалғыз) докторлық Кеңесте диссертация қорғады. 1993 жылы – педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алды. 1992 – 1996 жылдары Шымкент педагогикалық институтында "Психология" кафедрасының меңгерушісі. 1996 жылы профессорлық атағы берілді. 1996 – 1997 жылдары Жамбыл университетінде педагогикалық комплекстің директоры. 1997 – 2002 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Психология" кафедрасының меңгерушісі. 2002 жылдан бастап М. Әуезов атындағы ОҚМУ – де профессор.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
170
Атақ және марапаттары: 
Жамбыл облысында Ең үздік мұғалімі (1967 ж.), Қазақ ССР жоғары және орта білім беру министрінің "Құрметті грамотасы" (1976 ж.), Қазақстанның халық ағарту министрінің "Құрметті грамотасы"(1988 ж.) Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (1998 ж.), Оңтүстіқ Қазақстан облысының кәсіподағының "Құрмет грамотасы" (1998 ж.), Оңтүстіқ Қазақстан облысының әқімінің «Үздік ғылымі еңбегі үшін» құрмет грамотасы (2006 ж .), Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты, Әлемдік білімге үлес қосқаны үшін «Даңқ» иегері (Оксфорд Ұлыбритания) ( 2010 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: