Жантасов Курманбек Тажмаханбетұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Техника ғылымдарының докторы
Білімі: 
Қазақ химия-технологиялық институты, (1974 ж.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2002 ж).
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 1947 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
05.17.01- бейорганикалық заттардың химилық технологиясы
Диссертация тақырыбы: 
Сары фосфор өндірісінде азқалдықты және энергия үнемдейтін технологияларды жасап шығару және ендіру
Қысқаша еңбек жолы: 
1966 жылы «ВИЛАР» Арыс зоналы тәжiрибе стансасы зертханасының жетекшісі. 1974 -1975 жылдары Шымкент фосфор зауытында феррофосфор құйушы. 1975 – 1993 жылдары «КазНИИГипрофосфор» институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, секторлардың жетекшісі, «Шикізаттытермиялық дайындау» және «Жоғары температуралық процесстер» зертханасының жетекшісі. 1983-1986 жылдары Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтында сырттай аспиранты. 1993 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының «Бейорганикалық заттардың технологиясы» кафедрасында аға оқытушы. 1993-1995 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының кешкі факультетінің декан орынбасары. 1996-1999 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында докторанты. 1999 жылы доцент, профессор. 2002-2009 жылдары «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры. 2009-2011 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының жетекшісі. 2011 жылдан бастап «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының жетекшісі.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
260
Атақ және марапаттары: 
КСРО Өнертапқышы (1986ж.), ҚР Білім Министрлігінің студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік және Республикалық конкурсқа қатысқаны үшін алғыс (1995 ж.) "Создание и организация инновационных технологии переработки природного и техногенного вторичного сырья" жұмысы үшін ғылым, техника және білім саласында 16 қараша күнгі № 1131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік премиясы (2005 ж.) Оңтүстік Қазақстанның «Үздік ғалымы» (2005 ж.) ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған «ҚР ғылымын дамыту бағытында жетістіктері үшін» төс белігі (2006 ж.) ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Үздік оқытушы» (2007 ж.)
Негізгі ғылыми еңбектері: