Нұрымбетов Тілеуқабыл Жақсылықұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Экономика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Ташкент халық шаруашылық институты (1969 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Өзбекстан Республикасы, Самарканд облысы, Нур – Ата ауылы, 1947 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
08.00.05- Экономика, ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқару
Диссертация тақырыбы: 
АӨК-нің тиімділігін арттырудың экономикалық проблемалары
Қысқаша еңбек жолы: 
1969-1972 жылдары Бүкілодақтық каракөлшілік ҒЗИ экономика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері (Самарканд қ). 1972-1975 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылық экономика ҒЗИ – аспиранты (Москва қ.). 1975-1979 жылдары Бүкілодақтық каракөлшілік ҒЗИ экономика бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Самарканд қ). 1979-1982 жылдары С. Айни Самарканд мемлекеттік педагогикалық институтының саяси экономия кафедрасының аға оқытушысы. 1982-1992 жылдары Бүкілодақтық каракөлшілік ҒЗИ экономика бөлімінің меңгерушісі (Самарканд қ). 1992-1999 жылдары Самарканд ауыл шаруашылық институтының «Агробизнес» кафедрасының профессоры. 1999-2001 жылдары Самарканд ауыл шаруашылық институтының «Агробизнес» кафедрасының меңгерушісі. 2001-2003 жылдары Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» кафедрасының меңгерушісі (Туркестан қ.). 2003-2008 жылдары Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (Туркестан қ.). 2008 жылдан бастап М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Банк ісі» кафедрасының профессоры ( Шымкент қ.)
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
142
Атақ және марапаттары: 
Бүкілодақтық ауыл шаруашылық экономика ғылыми зерттеу институтының мақтау қағазы (1974 ж)., Өзбекстан ауыл шаруашылық министрлігінің мақтау қағазы (1983 ж)., Яссауи атындағы Халықаралық казақ-турік университетінің мақтау қағазы (2006 ж)., ОҚМУ – нің үздік профессоры (2012 ж).
Негізгі ғылыми еңбектері: