Есимов Беген Омарұлы

Ғылыми дәрежесі: 
геология-минералогия ғылымдарының докторы
Білімі: 
Орта-Азиялық политехникалық институт, (1961 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы, 1939 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
05.17.11 – Силикатты және қиын балқитын металл емес материалдардың технологиясы; 04.00.08 - Петрография, вулканология (1983 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Метасиликаттарға байытылған тау жыныстарын петрургиялық өңдеу процесстеріндегі фазалық өзгерістер (05.17.11; 04.00.08)
Қысқаша еңбек жолы: 
1961-64 жылдары Канимансур геология барлау экспедициясының техник-геологы, инженер-геологы (Тәжіксан). 1964-67 жылдары Өзбекстанның геология және геофизика институты аспиранты. 1974-1976 жылдары КСРО эксперименталды минералогия институтының докторанты (Черноголовка қ. Мәскеу облысы). 1969-1996 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының «Силикаттар технологиялары» факультетінің аға оқытушы, доценті, Кішкі факультеттің деканы, декан, бірінші проректоры. 1987 жылы профессор атағын алды. 1996-2011 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасының меңгерушісі. 2011 жылдан бастап - М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасының профессоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
400
Атақ және марапаттары: 
ҚР білім үздігі» төс белгі (1993 ж.), ОҚО Маслихат грамотасы (1996 ж.), «Жер туралы ғылым» саласы бойынша академик Қ.И. Сатпаевтың 100 жылдығына арналған Оңтүстік Қазақстан Әкім сыйлығының лауреаты (1999 ж.), ҚР БжҒМ «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасы (2003ж.), Ғылым мен техника дамуына зор үлесін қосқан үшін ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2004 ж., 2006ж.), Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылым дамуындағы үлесі үшін» төс белгі (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беруіндегі құрметті жұмысшысы» төс белгісі (2007 ж.), ОҚО маслихатының грамотасы (2008 ж.), М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрметті профессоры (2009 ж.), Қазақстан-Ресей университетінің құрметті профессоры (2012 ж.), Геология саласындағы «ISESKO Prize in Science & Technology 2012» халықаралық конкурсының лауреаты (2012 ж.), «ЖОО үздік оқытушысы» (2012 ж.)
Негізгі ғылыми еңбектері: