Саипов Амангелді

Ғылыми дәрежесі: 
Педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Шымкент педагогика институты (1975 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, 1953 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі
Диссертация тақырыбы: 
Болашақ мұғалімдерді көркемдік еңбекке даярлаудың теориясы және әдістемесі (2010)
Қысқаша еңбек жолы: 
1978 жылы Шымкент педагогикалық институтының Жалпытехникалық пәндер кафедрасының оқытушысы. 1981-1982 жылдары Мәскеу КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының Еңбекке баулу және кәсіби бағдар ҒЗИ стажер-зерттеушісі. 1982-1985 жылдары аспиранты. 1985-1988 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқытушы. 1989-1995 жылдары Еңбекке баулу кафедрасының меңгерушісі. 1990 жылы КСРО халыққа білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті берген доцент ғылыми атағы (Москва). 1995-1996 жылдары Шымкент педагогикалық институтының Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрамына еніп, қайта құрылғанынан кейін Көркемсурет-графика факультетінің деканы. 1996-1998 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің доценті, оқу-әдістемелік бөлім бастығы. 1998-1999жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік басқарма бастығының орынбасары. 2000-2001 жылдары Педагогика және өнер факультетінің деканы. 2001-2002 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға ғылыми қызметкері. 2003 жылдан бастап Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
114
Атақ және марапаттары: 
1994 ж.-Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі, 2001 ж.-Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдарының мүше-корреспонденті.
Негізгі ғылыми еңбектері: