НАДИРОВ Казим Садыкович

Ғылыми дәрежесі: 
Химия ғылымының докторы
Білімі: 
Н.В. Гоголь атындағы Қызылордалық пединституты (1978 ж.) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2011 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Шолақтау ауылы, 1957 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
02.00.05 – Электрохимия (2000 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Госсипол және флавоноидтер негізіндегі электрлісинтез
Қысқаша еңбек жолы: 
1978-1982 жылдары оқытушы. 1982 – 1983 жылдары Шымкент химия-фармацевтикалық зауытында ЦЗЛ инженері. 1983-1986 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің аспиранты. 1986-1989 жылдары ҚазХТИ проблемалық зертханасының аға ғылыми қызметкері. 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ кандидаттық диссертациясын қорғады. 1989 – 2001 жылдары оқытушы, аға оқытушы, декан орынбасары, доцент, кафедра меңгерушісі. 2000 жылы Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтында химия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2001 - 2010 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің деканы, Мұнай және газ институтының директоры. 2004 жылы профессор атағын алды. 2010 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мұнайгаз ісі» кафедрасының меңгерушісі.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
161
Атақ және марапаттары: 
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласында Мемлекеттік премия лауреаты (2005 ж.), Ғылымды дамытуда сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің белгісімен марапатталған (2003 ж.), Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті азаматы (2009 ж.), ЖОО-ның Үздік оқытушысы (2001 ж.), ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың алғыс хаты ( 2012 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: