Омар Есенәлі Омарұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Шымкент педагогикалық институты (1966 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазақстан елді мекені, 1943 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
13.00.01-жалпы педагогика, этнопедагогика және педагогика тарихы (2002 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы және дамуы
Қысқаша еңбек жолы: 
1969-1971 жылдары Ленгір қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебінде физика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1971-1975 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институтында аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы. 1975 – 1976 жылдары Ленинград мәдениет институтында «Зерттеуші - тағылымдамашы». 1977-1980 жылдары Мәскеу мәдениет институты «Мәдени – ағарту жұмыстары» кафедрасының аспиранты. 1980 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының аға оқытушысы. 1981 жылы педагогика ғылымдары кандидаты дәрежесіне диссертациясын қорғады. 1982-1983 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени-ағарту жұмысы» кафедрасының меңгерушісі. 1986 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 1987-1996 жылдары доцент. 1996 – 1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің «Мәдениет» факультетінің деканы. 1998 – 2000 жылдары аға ғылыми қызметкер. 2002 жылы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 2005 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 2003-2008 жылдары Халықаралық Қазақ – Түрік университетінде кафедра меңгерушісі. 2008-2012 жылдары М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ – де «Мәдени – тынығу жұмысы» кафедрасының профессоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
200
Атақ және марапаттары: 
Қазақстан Республикасы білім министрлігінің мақтау грамотасы (1992 ж.), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасы (1996 ж.), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2010 ж.), «Көркемөнер шығармашылығы оқулығы Республикалық жаңашыл педагогтар» форумында 1 – ші дәрежелі дипломы (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Шымкент қаласының өркендеп өсуіне қосқан үлесі үшін «НұрОтан» ХДП –ның құрмет грамотасы (2011 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: