Жакипбеков Сапар

Ғылыми дәрежесі: 
экономика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Ташкент халық шаруашылығы институты (1973 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1980 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы Георгиевка (Төлеби) ауданы Каракия елді мекені
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
080012–Бухгалтерлік есеп, аудит және шаруашылық талдау
Диссертация тақырыбы: 
Ішкі аудиттің методологиясы және ұйымдастыруы (2005 ж.)
Қысқаша еңбек жолы: 
1963-1966 жылдары Тельман атындағы орта мектебінде аға пионер жетекшісі. 1966 – 1969 жылдары Тынық мұхит флотында аға матрос. 1969-1973 жылдары Ташкент қаласында халық шаруашылық институтының студенті 1973-1977 жылдары Ташкент қаласында халық шаруашылық институтының аспиранты 1977-1980 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты. 1980-1982 жылдары Ташкент қаласында халық шаруашылық институтының аға оқытушысы. 1982-1987 жылдары Шымкенттік филиал Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі, доценті. 1987-1990 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының доценті. 1991 – 1992 жылдары Чимкент мемлекеттік фармацевтикалық институтының экономика және коммерциялық сұрақтар бойынша проректоры. 1992 - 2005 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының «Бухгалтерлік есеп, аудит» кафедрасының меңгерушісі. 2005 -2006 жылдары М.Ауезова атындағы ОҚМУ заңтану факультетінің деканы. 2006-2007 жылдары ҚР БЖҒ Министрлігінің ЖАҚ эксперті, Х.А.Ясави Қазақ-Турік университетінің диссертациялық кеңестің мүшесі. 2006-2008 жылдары Педагогикалық мәдениет институтының директоры. 2008 - 2012 жылдары М.Ауезова атындағы ОҚМУ «Банк ісі» кафедрасының меңгерушісі. 2012 жылдан бастап М.Ауезова атындағы ОҚМУ «Банк ісі» кафедрасының профессоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
126
Атақ және марапаттары: 
Көпжылдық қажырлы еңбегі және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Маслихатынан мадақтама (2007 ж.), ҚР Білім және ғылым Білім берудегі айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (2007 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі білім және ғылым саласын бақылау және аттестациялау Комитетінің Төрағасы Т.Балықбаевтың алғыс хаты (2007 ж.), ҚР білім берудегі айрықша еңбегі үшін «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (2011 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: