Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Тассай елді мекені, 1951 ж.
Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) (1972 ж.)
06.01.09 - Өсімдік шаруашылығы, 06.01.01 - Жалпы егіншілік жүйесі мамандығы бойынша(2002ж)
Формирование высокопродуктивных агрофитоценозов кукурузы на поливных землях Южного Казахстана (2002)
1974-1984 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтында аға лаборант, күндізгі бөлім аспиранты, суармалы егіншілік жүйесі бөлімінде агрономы. 1987-1992 жылдары аталмыш ғылыми мекемеде аға ғылыми қызметкер. 1984-1987 жылдары Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында “Мелиорация және суармалы егіншілік жүйесі” кафедрасының ассистенті. 1992-1997 жылдары «Шымкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1997-2003 жылдары «Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2004 жылы Агрономия мамандығы бойынша Профессор. 2009 жылы «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» бас директорының өсімдік шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 2009 жылдан бастап “Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты” бас директорының өсімдік шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
250
Ұлттық аграрлық зерттеулер орталығының “Құрмет грамотасы” (2001 ж. ), Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының “Құрмет грамотасы” (2002 ж. ), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің “Алғыс хаты” (2003ж. ) , Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің “Құрмет грамотасы” (2010ж. ), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің “Құрмет грамотасы” (2011ж. ), “ Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы ” (2011ж. ), Медаль “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” (2011ж. ), Медаль «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» (2012 ж.).