Акынбеков Еркінбек Қамбарұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Кеңесарық ауылы, 1949 ж.
Қазақ химия-технологиялық институты (1971 ж.)
05.17.08 – Химиялық технологиялардың процестері және машиналары (2001 ж.)
Кеуек және сұйық денелерді жылумен өңдеген кездегі жылу және масса алмасу
1971 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында кіші ғылыми қызметкер, ассистент. 1976-1978 жылдары Ленинград қаласындағы Ленсовет атындағы технологиялық институтына үйренуші-зерттеуші (стажер-исследователь). 1978-1980 жылдары Ленинград қаласындағы Ленсовет атындағы технологиялық институттың аспиранты. 1980 жылы «Химиялық технологияның процестері және аппараттары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1980-2008 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында аға оқытушы, доцент. Жоғары оқу орындарының бірігуіне байланысты осыдан кейін қызметін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 2008 - 2012 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі. 2012 жылдан бастап «Мұнайгаз ісі» кафедрасының профессоры.
164
-