АНАРБАЕВ Абибулла Әбілдаұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Техника ғылымдарының докторы
Білімі: 
Қазақ химико-технологиялық институты (1980ж), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2002ж).
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Сарағаш ауданы, Абай селосы, 1958 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
05.17.01 -Бейорганикалық заттардың технологиясы (1999)
Диссертация тақырыбы: 
Физико-химические основы и технологии переработки натрийсодержащих солей
Қысқаша еңбек жолы: 
1980 жылы Жаңа-Жамбыл фосфор зауытында пеш цехында операторы. 1981 жылдан бастап, Қазақ химико-технологиялық институтының «Электротермиялық өндірістер технологиясы» кафедрасында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкері. 1986 жылы аспирантураны бітірді; 1989 жылы кандидаттық диссертациясын «Разработка технологии термогрануляционной переработки ртутно-вольфрамовых руд» тақырыбында қорғады. 1990-1992 жылдары Қазақ химико-технологиялық институтының «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 1996-1998 жылдары доктарантурада оқыды; 1999 жылы «Физико-химические основы и технологии переработки натрийсодержащих солей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының доценті. 2006 -2007 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры. 2007 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» кафедрасы меңгерушісі. 2006-2010 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ің докторлық және кандидаттық диссертация қорғау Д 14.23.02 кеңесінің құрамында ғылыми хатшы, сондай-ақ ҚР Индустрия және сауда саттық министрлігі жанында жобаларды сараптау, ОҚО әкімшілінде және ААҚ «Ұлттық инновациялық қор» жанында сыртқы сараптаушы. 2008 жылдан бастап ҚР БжҒМ Республикалық оқу-методикалық кеңестің мүшесі. 2010 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Химия-технологиялық факультетінің деканы.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
207
Атақ және марапаттары: 
КСРО патендоведі, «Жоғарғы оқу орының үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грант иегері (2006ж.), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгі (2006ж.), «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасы (2008 ж.), ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы (2008ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты (2010ж.), Қазақстан Республикасының жарлығымен «Құрмет» ордені (2012ж.), Қалалық Білім бөлімінің Алғыс хаты (2013ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: