Бейсенова Мадина Унайбекқызы

Ғылыми дәрежесі: 
Экономика ғылымдарының докторы
Білімі: 
.
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 1956 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар бойынша) (2010 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Қазақстан аймақтарындағы еңбек күші артық еңбек нарығын реттеу
Қысқаша еңбек жолы: 
1979-1983 жылдары «Шымкент ауылқұрылыс -25» инженер-экономист. 1983-1990 жылдары ӨР Ғылым Академиясының Ақпараттық орталығының Кибернетика институтының аспиранты, кіші ғылыми қызметкері. 1990-1991 жылдары Ташкент қаласындағы КСРО педагогикалық ғылым Академиясының өндірістік педагогика ҒЗИ филиалының лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері. 1992-1997 жылдары ҚазХТИ-ның «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі. 1997-1998 жылдары ОҚТУ-нің «Маркетинг және коммерция» кафедрасының меңгерушісі. 1998-2007 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі. 2010 жылы ҚР БҒМ Экономика институтында экономика ғылымдарының докторы атағына докторлық диссертациясын қорғады. 2012 жылдан бастап М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
100
Атақ және марапаттары: 
Білім беру саласында ғылыми және педагогикалық қызмет көрсетудегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының БҒМ Құрмет грамотасы (2004 ж.), «ЖОО арасында үздік оқытушы» атағының иегері (2012 ж.)
Негізгі ғылыми еңбектері: