Досыбеков Әжібек Досыбекұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Техника ғылымдарының докторы
Білімі: 
Орта Азиялық мемлекеттік университет (1959-1965)
Туылған жері және жылы: 
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, 1942 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
01.02.04-Қатты дененің өзгеру механикасы
Диссертация тақырыбы: 
Біртекті емес тығыздалушы орталықтың механикасы және оның практикалық қолданылуы (1992 ж.)
Қысқаша еңбек жолы: 
1965-1974 жылдары «Механика және сейсмикалық құрылыс» институтында стажердан аға ғылыми қызметкерге дейін көтерілді. 1970 жылы физика-математика ғылымдары бойынша Т.Ш.Шырынкуловтың жетекшілігімен «Топырақтар (грунт) механикасы есептеріне серпімді-жылжымалылық теориясын қолдану» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1974 жылы Кеңес үкіметінің жолдамасымен Шымкент қаласындағы Қазақ химия технологиялық институтының «Теориялық механика» кафедрасының доценті. 1975 жылы жалпы инженерлік факультетінің декан орынбасары. 1976–2005 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Теориялық механика», «материалдар кедергісі», «Физика», «Қолданбалы механика» кафедраларында меңгеруші. 1989-1991 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Теориялық механика» кафедрасының ғылыми аға қызметкері. 1992 жылы «Біртекті емес тығыздалушы орталықтың механикасы және оның практикалық қолданылуы» докторлық диссертация қорғады. 1996 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1996 жылы Механика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі. 2008 жылы Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Академиясының академигі болып қайта сайланды. 2012 жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған конкурстың 2012-2014 жылдың грант иегері.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
255
Атақ және марапаттары: 
Құрмет грамотасы «Жоғары білімді маман дайындаудағы ғылыми және ұстаздық ерен еңбегі үшін»(2002 ж.), Грамота «Көпжылғы жемісті еңбегі, қоғамдық жұмысқы белсене араласқаны үшін»(2002 ж. ), Құрмет грамотасы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін»(2003 ж.), Қазақстан елі бойынша үздік оқытушы деген номинацияның иегері(2008 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: