Ғылыми дәрежесі:
Техника ғылымдарының докторы
Білімі:
Қазақ химия-технология институты (1976ж.), Қазақ-өзбек университеті (2002ж.)
Туылған жері және жылы:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка селосы, 1955 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы:
05.23.08-құрылысты ұйымдастыру технологиясы
Диссертация тақырыбы:
Производство бетонных работ в условиях рассредоточенного водохозяйственного и сельского строительства
Қысқаша еңбек жолы:
1976-1978 жылдары ҚазХТИ оқытушысы. 1978-1982 жылдары Мәскеу құрылыс-инженерлі институтының (МИСИ) аспиранты (Мәскеу қаласы). 1982-1985 жылдары Жамбыл мелиоративті-құрылыс институтының доценті, декан орынбасары. 1985-1988 жылдары ҚазХТИ Құрылыс-технология факультетінің декан орынбасары, доцент. 1988-1993 жылдары ҚазХТИ Құрылыс факультетінің деканы. 1993-1996 жылдары ҚазХТИ кешкі және сыртқы оқу жөніндегі проректоры. 1996-1997 жылдары ОҚТУ (ҚазХТИ) ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша проректор. 1997 жылдан бастап Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының оқу ісі бойынша проректор, 2004-2006 жылдары ХҚТУ-нің вице-президенті, 2006 жылы ХҚТУ Жаратылыстану және медицина институтының директоры. 2007 жылы ХҚТУ Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының директоры. 2008 жылы ХҚТУ вице-президенті.
Қорқыт ата атындағы Қызыл-Орда мемлекеттік университетінің және НИИстромпроект институтының (Алматы қ.) диссертациялық кеңестерінің және Евразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінің мүшесі болған.
2012 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры.
Атақ және марапаттары:
ҚР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» (1993), «Білім үздігі құрмет белгісі» (1996), «ОҚО Отырар ауданының құрметті азаматы» атағы (2000), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы (2004), Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының құрмет грамотасы (2004), «Ыбырай Алтынсарин» медалі (2006), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы (2006), «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атағы (2008 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының Құрмет грамотасы (2010), «Нұр-Отан» ХДП ОҚО филиалының Құрмет грамотасы (2010 ), Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасы (2010), «Нұр-Отан» ХДП ОҚО филиалының Алғыс хаты (2010 ж.), ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған (2011ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: